Чилиде орман өрті өршіді

Чилиде орман өрті дес бермей тұр. Тілсіз жау елдің Антофагаста қаласына өтіп, 35 тұрғын үйді күлге айналдырды.

Қызыл жалын ағаштан салынған үйлерді көзді ашып жұмғанша өртеп жіберген. Салдарынан 50-ден астам адам баспанасыз қалды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, далада қалғандардың көбі колумбиялық мигранттар. Әзірге табиғат апатынан мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ...