427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

4,5 млрд жыл бұрын пайда болған метеориттің сынығы көрмеге қойылады

  • 118
  • UPD: 15:47, 14.05.2021
4,5 млрд жыл бұрын пайда болған метеориттің сынығы көрмеге қойылады

Лондонның Табиғи-тарихи музейінде 4 жарым миллиард жыл бұрын пайда болған метеорит көпшілік назарына ұсынылады.

Ақпа жұлдыздың сынықтары коронавирус өршіп тұрған ақпан айында Уинчкомба қалашығына құлаған. Көрмеге қойылатын метеориттің салмағы 300 грамға жуықтайды.

Сарапшылар пайымдауынша, табылған аспан денесі арқылы біздің күн жүйеміз бен Жер бетіндегі тіршілік тарихына қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Себебі ақпа жұлдыздың құрамынан өмір сүру үшін қажет органикалық заттар мен амин қышқылы табылған. Лондонның Табиғи-тарихи музейінің өзі 5 айға созылған карантиннен кейін алғаш рет 17 мамырда ашылады. Мұнда әдетте жыл сайын 5 миллиондай турист келетін.

Хелена Бейтс, Метеориттер бойынша куратор:

- Метеорит құлаған жерге алғашқылардың бірі болып біз де бардық. Ақпа жұлдыздың кішкене бөлігін тауып алғандар оның көмірге ұқсайтынын және жерге лақтырғанда жарылғанын айтады. Мұндай метеорит Ұлыбританияда осыдан 30 жыл бұрын табылған. Ішінде, құрамында біраз құпия бар сияқты.

Хабар 24 телеарнасы