Ұлыбританияда екпе 12 мың адамды өлімнен аман алып қалды

Ұлыбританияда жаппай вакциналау өз нәтижесін беріп жатыр.

Жергілікті мамандар екпе шамамен 12 мың адам өлімінің алдын алуға көмектескенін хабарлайды. Бұл оқиғалардың барлығы жасы 60-тан асқан британдықтарға қатысты. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің өкілдері вакцинаның басқа да пайдасы тигенін айтады. Мәселен, препаратты қабылдағаннан кейін коронавирус жұқтырған азаматтарда ауру жеңіл формада өткен. Мұндай оқиғалардың саны 33 мыңға жуықтайды. Бұл тұрғындардың ешқайсысын ауруханаға жатқызу қажеті туындамаған.

Айта кеткен жөн, Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау былтыр желтоқсанда басталған. Қазіргі таңда халықтың жартысынан астамы екпе қабылдап қойған.