Грекия бүгіннен бастап шетелдік туристер үшін шекарасын ашты

Бірақ өзге ел азаматтары вакциналау сертификатын немесе коронавирусқа тапсырған тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті.

Олар карантиннен босатылады. Елде басқа да шектеу шаралары жеңілдетілді. Мәселен, өңірлер арасында қатынауға рұқсат беріледі. Мұражайлар ашылды. Дүкендер, барлар мен мейрамханалардың жұмыс істеу уақыты ұзарды. 

Харис Теохарис, Грекия туризм министрі:

– Грекия шетелдік достарын қабылдауға дайын. Былтырғыдай биыл да барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталады. Саяхатшылар денсаулығы үшін еш алаңдамай демала алады.