Қырғызстанда жер сілкінді

Қырғызстан Сейсмология институты сейсмологиялық станциясы жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 54 минутта 6 балдық жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 515 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.3, магнитудасы – 5.1. Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған. Жер сілкінісі Алматыда сезілген жоқ.