Үндістанда әлеуметтік қашықтық сақтауға арналған таяқ жасап шығарылды

Үндістанда көру мүмкіндігі нашар адамдар үшін әлеуметтік қашықтықты сақтаудың амалы ойлап табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті өнертапқыштар мұндай жандарға арнап сенсорлық таяқ жасап шығарған. Оған арнайы аспап бекітіліп, түрлі нысандарға дейінгі қашықтықты анықтап отырады. Қауіпсіз арақашықтық сақталмаған жағдайда құрал белгі береді.

Хитеш Рохи, жергілікті тұрғын:

- Пандемия кезінде біз 2 метр қауіпсіз қашықтық сақтауымыз керек. Бірақ көру мүмкіндігі нашар адамдар оны қайдан біледі? Бізге мына таяқтың көп пайдасы тиіп жатыр. Өзгелердің жанында жүргенде олардан қаншалықты алшақ тұрғанымызды білеміз.

Сондай-ақ...