Қытайда құйыннан жеті адам көз жұмды

Қытайдың орталығы мен шығысында құйын соғып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 200-ден астам тұрғын жарақат алды. Торнадо алдымен Хубей аймағындағы Ухань қаласында көрініс берді. Секундына 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, 30-ға жуық үйді жермен-жексен еткен. 100-ден аса ғимарат бүлініп калған. Табиғат апаты кезінде 6 адам опат болып, 200-ден аса кісі жарақат алды. Ал екінші құйын Цзянсу провинциясындағы Суч-жоу қаласында соғып, 1 адам қаза тапқан. 21 тұрғын жапа шеккен. Қазір табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар аталған аймақтарда тағы осындай құйын соғуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Сондай-ақ...