ХАМАС қақтығысты тоқтатудың алғышарттарын атады

ХАМАС Израильмен қақтығысты тоқтатуға дайын екенін айтып, оның алғышарттарын атады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үшін Израиль Иеруссалимдегі Әл-Ақса мешітінен өз күштерін әкетіп, адамдардың еркін мінажат етуіне кедергі жасамау керек. Сонымен қатар осы шаһардағы Шейх-Джаррах ауданынан палестиналықтарды күштеп көшіруді доғарып, шеру кезінде қамауға алынғандарды босатуы тиіс. Бірақ ресми Тель-Авив қозғалыстың талабына әлі жауап қайтарған жоқ.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі:

- БҰҰ тараптарды әскери қимылды дереу тоқтатуға шақырады. Қарулы қақтығыстан көп адам қаза тауып, гуманитарлық дағдарыс күшейді. Атылған оқ Израиль жаулап алған аудандарда ғана емес, бүкіл аймақта экстремизмді арттырып, жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Сондықтан тараптар қақтығысты тоқтату үшін барлық амалға жүгінуі тиіс.

Ал ресми дерекке қарағанда мамырдың 10-ынан бастап Израиль әскерінің соққысы мен ХАМАС ұйымының зымырандық шабуылдарынан 126 адам қаза тауып, мыңға жуық кісі жараланған. Бүгін түнде ХАМАС қозғалысы Израильдің тағы бірнеше қаласын атқылағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ...