Берлинде халықты жаппай вакциналау басталады

Германияда бір күнде 1 миллион 350 мың адамға екпе салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кёльн қаласында мешіт, әуежай және сауда орталықтарының тұрақтарында да вакциналау жүріп жатыр. Ал Берлин әкімшілігі коронавирустың таралуын тоқтату үшін адамдар тығыз орналасқан аудандардың тұрғындарына егуге кірісіп кетті. Жалпы Германияда қазір жасы 60-тан асқан қарттар мен құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді және сатушыларды егу науқаны жүріп жатыр. Ал 17 мамырдан бастап егде жастағы өзге топтардың алуына рұқсат етілмек.

Йенс Шпан, Германияның Денсаулық сақтау министрі:

- Германияда жаңа рекорд тіркелді. Вакциналау орталығы мен учаскелік дәрігерлердің арқасында соңғы бір күнде 1 миллион 350 мың адам егілді. Бұл вакциналау науқанының қаншалықты қарқынды жүріп жатқанын көрсетеді. Вирусты жұқтырушылар қарасы да азайып келе жатқаны қуантады. Енді осы жетістікті одан әрі жалғастыру керек.

Германияда жергілікті Үкімет мәлімдеп отырғандай, вакциналау күшейген. Екпенің 2 дозасын 9 миллион адам алса, 30 миллион азамат вакцинаның бірінші дозасын салдырып үлгерген.