Түркия вакциналау паспортын бере бастады

Түркияда вакциналау құжаты беріле бастады. Паспортты елде екпенің 2 дозасын қабылдаған азаматтар ала алады.

Қазір олардың саны 10 миллионнан асады. Азаматтың аты-жөні, туған жылы, куәлік номері мен қай екпе салынғаны жазылады.

Құжатта «қауіпсіз туризм» логотипі мен QR код орналастырылады. Түрік елінде вакцинация құжатын қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Дегенмен, көршілес Еуропа мемлекеттеріне саяхаттап барушылардан екпе куәлігін талап ететіндігі туралы ақпарат жиілеп кетті. Түркия тұралап тұрған туризмді жандандыру мақсатында салада жұмыс істейтін әрбір қызметкерге екпе салдыруды көздейді.

Мехмет Бейнамлы, тұрғын:

- Вакциналау құжатының берілуі мен секілді адамдар үшін жақсы болды. Себебі бала-шағам шетелде тұрады. Оларға бару үшін қазір осы құжат керек екен. Сондықтан артық етпес.

Сондай-ақ...