426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кореяда темір жолдағы шынайы жағдайға барынша жақын жаттығулар өтті

  • 168
  • UPD: 18:02, 15.05.2021

Оңтүстік Кореяда темір жолдағы шынайы жағдайға барынша жақын жаттығулар өтті.

Бұл Мексика, Тайвань және Мысырда болған пойыз апаттарынан кейін қолға алынып отыр. Оқу-жаттығуға министрлік қызметкерлері, Йонджу қалалық әкімдігі, полиция қызметкерлері және теміржолшылар тартылды. Сценарий бойынша жолаушылар пойызы көлікпен соқтығысқан. Вагондарда 77 жолаушы мен 3 теміржол қызметкері болған. 9 адам жарақат алып, оның ішінде екі адамның жағдайы ауыр болды. Пойыз құлаған жерде жедел штаб құрылды. 2 сағат ішінде жолаушылар эвакуацияланып, өрт сөндіріліп, вагондар рельске көтерілді.

Сон Сан Хен, Кореяның жер, инфрақұрылым және көлік министрлігі департаментінің басшысы:

- Оқу-жаттығуда дрондар сынды ең жаңа құралдар қолданылды. Сонымен қатар теміржол полициясының қызметтік иттері де болды. Басты мақсат адам өмірін тез арада құтқару. Бұл жаттығулар пойыз рельстен шыққанда, жарылыс және өрт сияқты ірі апаттар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы