Әйгілі испан суретшісі Пабло Пикассоның «Терезе жанында отырған әйел» туындысы Нью-Йорк аукционында 103 миллион 400 мың долларға сатылды.
Аукцион 20 минутқа созылды. 1932 жылы салынған картинада шебер ғашық болған Мария-Тереза Вальтер есімді әйел бейнеленген.
Пикассоның бұл картинасы 2013 жылы аукционға шығарылып, ол кезде 45 миллион долларға сатылған еді. Жалпы испандық суретшінің туындылары өте қымбат бағаланады. Шебердің 5 туындысы 100 миллион доллардан астам сомаға сатылған.