Қазан қаласындағы 15 мектепте эвакуация жүргізілді

Ресейдің Қазан қаласындағы 15 мектепте мина қойылғаны хабарланып, оқушылар мен мұғалімдер шұғыл эвакуацияланды.

Бірақ полиция оқу орындарын дереу тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппаған. Қала әкімшілігі ақпараттың жалған болып шыққанын хабарлады.

Өткен сейсенбі күні Татарстан астанасындағы №175 мектепте атыс болып, 9 адам қаза тапқан еді. Олардың жетеуі оқушы. 20-дан аса адам жарақат алды. Оқиға орнына жеткен арнайы топ күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ұстады. Ол осы мектептің түлегі болып шықты.