Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі

Үндістанда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. Соңғы бір күнде 326 мыңнан астам адам вирус жұқтырып алған.

Дерттен қайтыс болғандар қарасы да 4 мыңнан азаймай тұр. Дегенмен, билік қатаң карантиннің арқасында індет қатты өршіген Махараштра штатында жағдай тұрақталып келеді. Нью-Делиде де вирус жұқтырғандар қарасы 40 процентке азайған. Бірақ бүкіл ел аумағында ахуал жақсармай тұр. Ауруханаларда дәрі-дәрмекпен бірге вакцина да жетіспей жатыр.

Нарендра Шривастава, саудагер:

- Базарда адам қарасы көп. Қайда барсаң да тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтамайды. Бетперде тағуға немқұрайлы қарайды. Індет осындайдан өршімей ме?

Сондай-ақ...