Манилада орналасқан ірі ауруханалардың бірінде өрт шықты

Филиппин астанасы Манила қаласында орналасқан ірі ауруханалардың бірінде өрт шығып, ондаған науқасты көшіруге тура келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер түн ортасында үшінші қабат отқа оранып, түтін қолқаны қапқаны жайында мәлімдеді. Өрт сөндірушілер дереу іске кіріскен. Дәл қазір жапа шеккендер жайында ақпарат жоқ. Филиппин вице президенті Лени Робредо өзінің твиттердегі парақшасында жазба қалдырыпты. Кімге арналғаны және нені меңзегені сырт көзге түсініксіз.

«Өндірістің үлкен фанаттары, көк түтіннен құтылыңдаршы» делінген онда. Шамасы құрылысқа тез тұтанатын өнімдерді пайдалануға болмайтынын ескертсе керек. Өртке шалдыққан аурухана бір жылда 600 мың науқасты емдейді. Күніне 1300 пациентті қабылдайды. Қазір елдегі коронавируспен күресуге бағытталған аурухана санатында.

Сондай-ақ...