Әлемде Израильдің Газа секторын бомбалауына қарсы шерулер жалғасуда

Наразылық акциялары Австралия, Франция, Испания, Грекия, Түркия, Мексика, Италия қалаларында өтті. Ірі наразылық шарасының бірі Германияның Кёльн қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһарда бейбіт акцияға бірнеше мың адам қатысты. Шерушілер қала көшелерімен жүріп, «Азат Палестина» деп ұрандатты. Кей шерушілер полицейлерге шөлмек пен тас лақтырып, тәртіпсіздіктер орын алды.

Ал Парижде жүздеген адам қала орталығына жиналып, Палестинаға қолдауын білдірді. Полиция шерушілерді тарату үшін күш қолданды. Жарақат алғандар туралы ақпар жоқ.

БЛИЦ:

– Мәселені шұғыл шешу керек. Себебі күн сайын нақақтан нақақ қан төгіліп жатыр. Бұл жерге Палестина халқына қолдау білдіру үшін шықтық. Ең сорақысы, өзге елдерде бейбіт шеруге рұқсат етілсе, біздің мемлекетте тыйым салынған. Бірақ біз алған бетімізден қайтпаймыз.

– Палестина аумағын атқылауды тоқтату керек. Қай елдің азаматы болса да, жапа шегіп жатқан халыққа қолдау білдіру керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ...