427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Space X ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды

  • 296
  • UPD: 18:22, 16.05.2021
Space X ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды фото: belta.by

Америкалық Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды.

Оларды «Фалкон 9» зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті. Бұл осы зымыран тасығыштың биыл 15-ші мәрте көкке көтерілуі. Бағдарлама «Старлинк» ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асты. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 12 мың жерсерігінен тұрады. Оны алдымен АҚШ аумағында, содан кейін бүкіл әлемде қолдану көзделген.

Хабар 24 телеарнасы