Нью-Делиде карантин тағы бір аптаға ұзартылды

Үндістан астанасында коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин тағы бір аптаға ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нью-Делиде шектеу шаралары төртінші мәрте созылды. Билік шаһарда індеттің таралуын бәсеңдету үшін осындай шара қолға алынғанын айтады. Үндістандағы жалпы эпидемиологиялық ахуал да күрделі. Елдегі ауруханалардың барлығы науқастарға толып, дәрі-дәрмек жетіспей жатыр. Ченай қаласында акция өтіп, полиция шерушілерді күштеп таратты. Індет Үндістанда ақпан айында өршіп, көп аймақтарда шектеулер қатаңдатылған.

Архан, жергілікті тұрғын:

- Мен бірнеше күннен бері туысыма қажетті дәрі-дәрмек іздеп, қалада бармаған жерім қалмады. Керек препараттың барлығын әлі тапқан жоқпын. Не істейтінімді білмеймін.