Израиль қалаларында тәртіпсіздік басылмай тұр

Таяу Шығыстағы атыс басталғалы Израиль қалаларында да тәртіпсіздік белең алып, жағдай ушыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, елде еврей мен араб тұрғындары бір-біріне жиі шабуыл ұйымдастырып, полициямен қақтығыс көбейген. Мысалы, Тель-Авивтен оңтүстік-шығыстағы Лод қаласында он шақты көлікке от қойылып, сақшы уачаскелеріне шабуыл жасалды. 40 адам қамауға алынды. Жалпы ел аумағында өткен сейсенбі күннен бергі жаппай тәртіпсіздіктен 900 адам ұсталған. 265 полицей зардап шеккен. Қазір ел аумағындағы тәртіпті қадағалауға 15 мың полицей жұмылдырылды.