427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таяу Шығыстағы қақтығыстан 57 бала қаза тапты

  • 197
  • UPD: 09:32, 17.05.2021
Таяу Шығыстағы қақтығыстан 57 бала қаза тапты

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың салдарынан 57 бала қаза тапты. Хамас пен ЦАХАЛ арасындағы ушыққан ұрыстан Газа секторында қайтыс болғандардың саны 188 адамға жетті, оның 55-і - бала, ал Израиль тарапынан 10 азамат мерт болды, оның екеуі бала.

Қақтығысқан тараптар бір-біріне жаудырған атыс шабысты әлі де тоқтатар емес. Израиль армиясы өзінің твиттердегі парақшасында Газа аумағындағы Хамас қозғалысының нысандарына жоЙғыштармен соққы жасап жатқанын хабарлайды.

Иерусалим мамырдың 10-ынан бастап Газа секторындағы 1,5 мың әскери нысанға әуеден соққы жасалғанын айтады. Газа аумағынан да 2 мыңнан астам зымыран ұшырылды.  Әлем елдері мен халықаралық қауымдастық болса екі жақты сабырға шақырып отыр.

БҰҰ аймақтағы шиеленістің ушығуы халықтың өлімі мен инфрақұрылымның зақымдалуына әкеп соққанын айтып, екі жақты да бейбіт халықтың қиналуына жол бермеуге үндейді.

Хабар 24 телеарнасы