426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде діни мерекеге жиналғандар синагоганың мінберін қиратты

  • 128
  • UPD: 10:00, 17.05.2021

Израильде синагогадағы мінбер құлап, 2 адам қаза тапты.

Ассошейтид Пресс агенттігінің хабарлауынша, тағы 150-ден астам келуші жарақат алған.

Қайғылы оқиға Кудс қаласына жақын маңдағы Гиват-Зеев елді мекенінде 650 адам діни мереке тойлап жатқанда болған.

Полициясының айтуынша, ғибадатхана ғимараты жаңадан салынып жатқан және мінберде адам шамадан тыс көп отырған. Ал елді мекен басшысы бұған дейін тәртіп сақшыларына құрылыс толық аяқталмаса да көп адамның жиналатынын айтып, бірнеше рет шағым түсіргенін, бірақ бұған ешкім құлақ аспағанын алға тартады.

Енді қайғылы оқиғаға жол берген бірнеше адам қамауға алынуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы