Исландияда жанартау сатылады

Исландияда  жанартау да сатылады. Аймақта белсенділік танытқан Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі иелігіндегі жер телімін жанартауымен бірге сатылымға шығарды.

Оның нақты бағасы әзірге нақтыланбады. Жер учаскесіне ие 19 мұрагердің бірі қазірдің өзінде сатып алушылардан екі ұсыныс бар екенін айтады.

Ал жергілікті билік болса, бұл аймақты сатып алуға асықпайды. Десе де, аймақтағы инфрақұрылымды жақсартып, оны туристер үшін көрікті ету мақсатында  қазынадан 564 мың доллар бөлуге ниетті екенін білдіреді. Бұл туралы ел премьер-министрі жергілікті телеарналардың бірінде хабарлады.

Естеріңізге салайық, Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде от пен лава атқылап жатқан жанартау 6 мың жыл бойы қозғалыссыз жатып, жуырда қайта оянды. Лава оңтүстік-батыс және батысқа қарай баяу ағуда. Оның тұрғындарға қаупі болмаса да метеорологтар халықты лай көшкіні басталу қаупі бар деп ескертеді.

Сондай-ақ...