Бразилияның Амазонас штатына соңғы 100 жылдағы ең күшті тасқын қаупі төніп тұр. Толассыз жауған жауын салдарынан су деңгейі көтеріліп, өзендер арнасынан шықты.
20 аумақта төтенше жағдай жарияланған. Тұтас аудандар мен көшелерді су шайып, қайық бірден бір қатынас құралына айналды.
Қазірдің өзінде алапат тасқыннан өздері де, дүние-мүлкі де зардап шеккен тұрғындар саны 350 мың адамға жетті. Сондай-ақ шенеуніктер табиғи апат вакциналау науқанына кедергі келтіруі мүмкін деп қауіптенуде. Елдегі эпидемиологиялық та, экономикалық та жағдай онсыз да мәз емес. Коронавирус шектеулеріне байланысты мыңдаған кәсіпорын жабылып, еңбекке қабілетті адамдардың 40 проценттейі ғана жұмыспен қамтылған.