Мексикалық бойжеткен «Әлем аруы» атанды

26 жастағы мексикалық бойжеткен «Әлем аруы» атанды. Осылайша аталған атақты Мексика қыздары үшінші рет иеленіп отыр.

Бұл жолғы үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан және Перу бойжеткендері енді. Биылғы байқау АҚШ-тың Холливуд қаласында офлайн форматта өтті. Былтыр бұл сайыс коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген болатын. Қазақстанның атынан 19 жастағы студент Камила Серікбай бақ сынады.

«Мисс Қазақстан» ұйымының мәлімдеуінше, Камила былтыр індет қатты өршіп тұрған кезде қайырымдылық жасап, қазақ елін әлемдік аренада лайықты көрсете алатынын дәлелдеген.

Сондай-ақ...