Түркияда 17 күндік локдаун аяқталды

Түркияда бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілді. «Қалыпты өмірге оралу» ережесіне сәйкес, қалааралық қатынас қайта ашылып, қоғамдық көліктер 50% дейінгі сыйымдылықпен тасымалдайды.

Әзірге 65 жастан үлкендер мен 18 жастан кішілер бұл қызмет түрін қолдануына рұқсат жоқ. Дегенмен, аталмыш жас тобындағы екпенің 2 дозасын салдырған азаматтарға тысқа шығуына мүмкіндік бар. Бұдан бөлек 20 күннен бері жұмысы тоқталған, сауда орталықтары қайта ашылды. Дегенмен, дүкендердің жеңілдікпен жаппай сату науқаны 1 аптадан аспауы тиіс. Мұндағы мақсат, тұрғындардың көптеп келуінің алдын алу. Сонымен қатар 1 маусымға дейін жұмыс күндеріне арналған 21:00-ден таңғы 05:00-ке және сенбі- жексенбі күндері тәулік бойы коменданттық сағат сақталады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Түркияға қысқа мерзімге келуші туристер шектеу шараларынан босатылған. Дегенмен, елде тұратын шетелдіктер ережені мүдірмей орындауы тиіс.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Халқымызға уәде еткендей дүйсенбіден бастап, «қалыпты өмірге келтіру» күнтізбесін жүзеге асыра бастаймыз. Мәселеге қатысты егжей- тегжейлі ақпаратты үкімет отырысынан кейін бөлісеміз. Мақсатымыз- мамыр айының аяғына дейін салыстырмалы түрде сақтықпен әрекет ету. Маусым айынан бастап шектеу шараларының едәуір бөлігін алып тастауды жоспарлап отырмыз.

 

 

 

 

Сондай-ақ...