Екатеринбургте біреу үш адамды пышақтап өлтірді

Ресейдің Екатеринбург қаласында белгісіз біреу теміржол маңындағы бақта тұрғындарға пышақпен шабуыл жасады.

Соның салдарынан үш кісі көз жұмды. Тәртіп сақшылары қаскүнемге қарсы тапанша қолданған. Сөйтіп, оқпен жараланған ер адамның қолына кісен салып, қамауға алыпты. Қазір оқиға орыны қоршауға алынған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ...