ДДСҰ: Вакцина әділ бөлінбей отыр

Әлемде вакцинаны бөлу бойынша нәсілшілдік және әділетсіздік орнап отыр.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді. Ол бұл пікірін виртуалды түрде өткен «Париж бейбітшілік форумында» айтты. Гебрейесус екпе өндірушілерді препарат бағасын қолжетімді қылуға шақырды. Табысы өте жоғары елдер дүниежүзі халқының 15%-і. құраса да, әлемдегі барлық вакцинаның 45%-іне ие екен.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

- Дүниежүзі халқының жартысын құрайтын табысы төмен елдер әлемдік вакцинаның 17%-іне ғана қол жеткізіп отыр. Бұл сұмдық айырмашылық. Біз 124 елге 63 миллионнан астам доза жеткіздік. Бірақ бұл осы елдердегі халықтың 0,5%-іне ғана жетеді. Әлемде медицина қызметкерлері, қариялар мен басқа осал топтарға вакцина әлі толық салынған жоқ, ал бай елдер балалар мен жасөспірімдерін егуге кірісіп кетті. Екпені бөлісу ең үлкен мәселеге айналып отыр.

Сондай-ақ...