Тегеранда күніне 20 мың адам қабылдайтын вакциналау орталығы ашылды

Иран астанасы Тегеранда елдегі ең ірі вакциналау орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл кешен күніне 20 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Бірақ алдымен медицина мамандары мен жасы 80-нен асқан азаматтарға екпе салу көзделген. Айта өтейік, Иран – Таяу Шығыс өңірі бойынша коронавирустан ең көп зардап шеккен елдің бірі. Бүгінге дейін бұл мемлекетте 2,5 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Сондай-ақ...