425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильге Ливан аумағынан алты зымыран атылды

  • 123
  • UPD: 10:24, 18.05.2021
Израильге Ливан аумағынан алты зымыран атылды

Ливан аумағынан Израильге қарай 6 зымыран атылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әуе шабуылы сәтсіз аяқталған. Дабыл ойнап, снарядтар діттеген жеріне жетпей жойылды. Кейін еврей әскерінің зеңбіректері оқ атылған орынды талқандаған. Бұл туралы Израиль қарулы күштеріне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі хабарлады. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетсек, 14 мамырда Израиль шекарасына жақын маңда еврей сарбаздары Ливан азаматын атып өлтірді. Ол кезде бірнеше белсенді азамат палестиналықтарды қолдап, наразылық шеруіне шыққан еді.

Хабар 24 телеарнасы