426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияға Мароккодан бір күнде 5000-ға жуық заңсыз мигрант кірді

  • 112
  • UPD: 10:25, 18.05.2021
Испанияға Мароккодан бір күнде 5000-ға жуық заңсыз мигрант кірді

Испанияның Сеута аймағына бір күннің ішінде Мароккодан 5 мыңға жуық заңсыз мигрант кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында 1 мыңнан астам кәмелет жасқа толмаған балалар бар. Жергілікті билік өкілдері кірмелердің бұндай тәуліктік нөпірі бұрын-соңды болмағанын айтады. Қазір олар уақытша орналастыру орталықтарына жайғасты. Мигранттар жолға резеңке қайықтармен шыққан екен. Жергілікті билік шекарадағы қауіпсіздік күштерінің санын арттырып, келімсектерді өз еліне қайтаруды жоспарлап отыр. Мәселен жуырда Мадрид пен Рабат кірмелері Мароккоға қайтарылады деген келісім жасасқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы