Италияда бірқатар ел азаматтарына қатысты бес күндік карантин алынды

Италия билігі Ұлыбритания, Израиль мен Еуроодақ азаматтарына қатысты 5 күндік карантинді алып тастап, елге ағылған туристерді қайтадан қабылдай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара жазғы туристік маусымды қолдау мақсатында жасалып отыр. Десе де, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Канада мен Жапония азаматтары Италия аумағына енуі үшін теріс нәтижелі ПТР-тест ұсынулары керек екен.

Арис Мандатакис, грекиялық турист:

- Керемет жаңалық. Енді оқшауда қалудың еш қажеті жоқ. Елге келген бетте бірден қалаған жеріңе бара аласың.

Ал Сауд Арабиясында коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың шетел асуына рұқсат етілді. Мұндай мүмкіндік жуырда ғана ковидтен айыққандар мен кәмелет жасына келмегендерге де беріліп отыр. Айта кетейік, өзге елге саяхаттауға қатысты тыйым былтыр еніп, 14 айға созылды.