427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Лондонда қоғамдық орындар ашыла бастады

  • 143
  • UPD: 13:06, 18.05.2021
Лондонда қоғамдық орындар ашыла бастады

Ұлыбританияның Лондон қаласында мейрамхана, боулинг, кинотеатр мен театрлар жұмысын қайта жандандыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар әлемге танымал «Лондон көзі» алып дөңгелегі де ашылып, тұрғындарды қуантып жатыр. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мәдене орындарға келген көрермендердің санына шектеу қойылған. Қоғамдық тамақтану орындарында да әлеуметтік арақашықтық сақталу керек.

Айта кетейік, Англиядағы қоғамдық орындар ашылғанмен, Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирланияда карантиндік талаптар мамырдың соңына дейін жеңілдемейді.

Ли Филлипс, жергілікті тұрғын:

- Бүгін бәрімізде мерекелік көңіл-күй. Бұрынғы тыныс-тіршілігімізге орала бастадық. Атракционның жан-жағы жанданып тұр. Халықтың осы жерге жиналғанына өте қуаныштымын. Тұрғындардың көтеріңкі көңілін көру қандай керемет.

Осы апта Париждегі мұражайлар да есігін айқара ашпақ. Жарты жыл бойы жұмысы тұралап қалған мекеме басшысы билеттерге сұраныстың жоғары екенін айтады.Естеріңізге салайық, жергілікті билік коронавирус індетінің ушығуынан аймақтағы мәдени орталықтардың жұмысын тоқтатқан еді. Қазір елде эпидахуал дұрысталғанмен, қауіпсіздік ережелері қатаң сақталған.

Хабар 24 телеарнасы