COVID-19: Үндістанда өлім-жітім көрсеткіші бойынша рекорд орнады

Үндістанда соңғы 24 сағаттың ішінде 4329 адам короновирустан көз жұмған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, соңғы 10 күнде анықталған жаңа науқастардың қатары керісінше азайып отыр. Ал дәрігерлер ауруханаларда орын қалмағанын айтып, ем-дом жасау үшін медициналық құрал-жабдықардың жетіспейтініне шағымданады. Айта кетейік, жалпы пандемия басталғалы Үндістанда 25 21 млн адам дертінен айығып шықты.

Чаудхари, дәрігер:

- Өткен айда Мумбаидағы эпидахуал өте ауыр болған. Бір күнде 1400 адам дәрігердің көмегіне жүгінетін. Қазір көп дегенде 200 науқас анықталуда. Бұл жақсы көрсеткіш. Ауыр халде жатқандардың қатары да азайып барады.