425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ мұқтаж елдерді вакцинамен жарылқауды ұйғарды

  • 176
  • UPD: 18:37, 18.05.2021
АҚШ мұқтаж елдерді вакцинамен жарылқауды ұйғарды

АҚШ президенті Джо Байден әлем елдеріне 80 млн доза вакцина жөнелтетінін хабарлады.

Бұған дейін ол коронавирус індетіне қарсы 60 млн доза дәрі бөлінеді деп уәде еткен еді. Кейін Ақ үй басшысы бұл тізімге тағы бірнеше препараттың 20 миллион дозасын қосты. Бұл вакцина мұқтаж елдерге ауруды жеңу үшін орасан зор септігін тигізеді. 

Айта кетейік, қосымша 20 млн дозаның ішінде Moderna, Pfizer, Johnson & Johnson мен AstraZeneca препараттары кіреді.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Қарусыз майданда жеке мемлекет болып емес, күллі әлем болып күрескен жөн. Пандемияны жеңу үшін өзге мемлекеттерге қол ұшын беруіміз керек.  Бұл өзіміздің де қауіпсіздігіміз үшін қажет. Сондықтан  дұрыс шешім қабылдап отырмыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы