Марста жүрген Қытай құралы Жерге мәлімет жіберді

Қытайдың Марста жүрген «Чжужун» құралы Жерге алғашқы мәліметтер жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы азиялық елдің Ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, ровердің арқасында Марс пен Жердің арасында байланыс орнады. Аталған құрал өзі тұрған аумақтың айналасын зерттейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың алғашқы миссиясын іске асыратын ровер «Қызыл ғаламшарға» өткен аптаның соңында қонған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – Марстың құрылысы мен құрамын зерттеу және мұз қабатын іздеу.