АҚШ-та жолаушылар автобусына оқ атылды: құрбан болғандар бар

Калифорниядағы Окленд қаласында белгісіз біреу жолаушылар автобусына оқ жаудырды.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы бес адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция шабуылдаушының жеке басын анықтауға тырысуда. Ол адам туралы ақпарат бергендер үшін шамамен 545 доллар сыйақы жарияланды.