427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада карантин жеңілдеп жатыр

  • 134
  • UPD: 18:52, 19.05.2021
Еуропада карантин жеңілдеп жатыр фото: inform.kz

Франция секілді осы аптада Ұлыбритания билігі де бірқатар шектеу шарасын алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елдегі кафе-бар мен көрмелер емін-еркін жұмыс істей алады. Азаматтардың отбасы мүшелерімен бірге жиын өткізуіне де рұқсат. Ал Румынияда бұдан былай көшеде бетперде тақпауға рұқсат етіледі. Бірақ маска тағып үйреніп қалған ел тұрғындары одан бас тартар емес. «Осылай өзіңді қауіпсіздеу сезінесің», - дейді олар. Австрия халқы да қатаң карантиннен арылып жатыр. Жартыжылдық үзілістен кейін сауық мекемелері мен мәдени нысандар келушілерге қайтадан есігін ашты. Алайда азаматтарға бірнеше талап қойылған. Бәрінде теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы немесе вакцина қабылдағаны туралы куәлік болуы керек. Сонымен қатар келушілер бір үстелге 4 адамнан артық отыра алмайды. Ал көшеде 10 адам боп жиналуға болмайды.

Хабар 24 телеарнасы