Бүгін Түркияда Ататүрікті еске алу күні

19 мамыр Түркияда мемлекеттік мейрам. Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі.

Осыдан 102 жыл бұрын түрік елі шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялап, ұлт-азаттық күресті бастады. Бұл күн тәуелсіздік жолында ұлттық қозғалыстың негізін қалаушы жастарға арналған. Айта кетерлігі, 19 мамыр былтырдан бері алғаш рет халықтың тысқа шығуына рұқсат етілген алғашқы мейрам болды. Анкарадағы атаулы күн Ататүріктің Аныткабір кесенесінен басталды. Бұл күні мұнда ағылған халықта есеп жоқ. Ұзын-сонар кезек түзілген. Бұдан бөлек, бірқатар қалаларда мерекелік шеру өтті.

Аднан Гирай Эргюль, Анкара қаласының тұрғыны:

- Мұстафа Кемал Ататүрік қиын-қыстау кезеңде ұлы түрік ұлтына сенім артып, халқымызға күш- жігер берді. Түркия Республикасын құрды. Оның аманатын қорғау - басты борышымыз.

Мерве Йавуз, Анкара қаласының тұрғыны:

- Қатты қуаныштымын. Бір жылдан бері Аныткабірге келе алмадым. Негізі барлық мемлекеттік мейрамдарда Ататүрікті зиярат етемін. Бұл күннің маңызы зор. Маңыздығы соншалық, ұлы көсеміміз бұл күнді өзінің туған күні деп айтқан. Сондықтан бұл күнде Ататүрікті еске алып, оған алақан жаямыз.

Сондай-ақ...