Екпе алған туристерге Еуроодақ аумағына өтуге рұқсат етіледі

Еуроодақ өкілдері коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алған туристерге өз аумағына кіруге рұқсат берді.

Бұл туралы Еурокомиссия хабарлайды. Бірақ демалушылар одақ аумағында рұқсат етілген вакцинаның бірін салдырған болуға тиіс. Енді тараптар 25 мамырда өтетін саммитте осы мәселенің жай-жапсарын талқылауы тиіс. Сол кезде вакциналау сертификаттары тақырыбы да талқыланбақ.