Өзбекстанда халыққа бірнеше құжат орнына жүретін карталар беріледі

ID-карталар көлік тізгіндеген жүргізушілерге бірден 4 құжатты алмастырмақ. Ташкентте е-протокол жүйесі тесттік режимде іске қосылды.

Енді тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азамат жайлы барлық ақпаратты  ID-картадағы чиптен ала алады. Яғни планшеттердің көмегімен сақтандыру полисі, сенімхат пен терезеге тонировка жасатуға берілген рұқсат қағаздың бар-жоғын анықтай алады. Ал қыркүйектен бастап жоба толық жұмыс істейтін болады. Жалпы көрші елде ID-карталар 2021 жылдың қаңтарында бұрынғы биометриялық паспорттың орнына беріле бастаған. Бұл карталармен Өзбекстан азаматтары тек ел ішінде емін-еркін жүре алады. 

Музифа Султонова, Өзбекстан іім Басқармасы ақпараттық қызметінің бастығы:

- Бұл жүйе тесттік режимде іске қосылғандықтан жүргізушілер әлі де болса барлық құжаттарының қағаз күйіндегі үлгісін бірге алып жүрулері керек. Жолда түрлі олқылықтар болып қалуы мүмкін. Сол себепті біз қыркүйек айына дейін барлығын сынап, қателіктерді жою үшін тексеріп жатырмыз.