Мальдив аралдары жойылып кетуі мүмкін

Мальдив аралдары 2100 жылға қарай жер бетінен жойылып жетуі мүмкін. Климаттық өзгерістерге байланысты аралда орналасқан шағын мемлекетке су астына кету қаупі төніп тұр.

Мұндай сәуегейлікті аталған елдің қоршаған орта министрі CNBC телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Айтуынша, климаттық өзгерістермен күрес бойынша жұмыстар жеткілікті түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Билік жағалаудағы күзетті күшейтіп, улы газдардың ауаға таралуын қолдан келгенше шектеу.

Аминат Шаура, Мальдив қоршаған орта министрі:

- Климаттық өзгерістерден қашып құтыла алмаймыз. Бұл мәселеде біз әлемдегі ең осал мемлекетпіз. Біздің елдің 80 проценті теңіз деңгейінен небәрі метр биіктікте орналасқан. Біздің аралдарға су тасқыны мен мүжілуден қауіп өте зор. Болашағымыз бүгінгі іс-әрекетімізге байланысты.

Сондай-ақ...