Криптовалюта құны 30%-ке төмендеді

Кеше криптовалюта құны 30%-ке төмендеп, 32 мың долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тұтынушыларды әбігерге салған. Қаражатын шешіп алуды көздеушілердің көбеюі бірқатар криптобиржаның жұмысына әсер етті. Бұған Қытай билігінің валютаны төлем құралы ретінде пайдалануға тыйым салуы себеп. Тау-кен өндірісі мен жабдықтарды өндірудің ең көп үлесі Қытайға тиесілі, сондықтан Таяу Корольдіктің Орталық банкінің позициясы нарыққа осылай әсер етті. 14 сәуірде криптоақша ең үлкен бағамды көрсетіп, 65 мың долларға жеткен болатын. Содан бері валюта 45 процентке арзандаған.

Елімізде жыл басында дайын өнімге сұраныс артқан. Бірақ тауар мен қызмет түрлері едәуір қымбаттапты. Өйткені өндіріс көлемі азайған. Былтырғы тоқыраудан етек-жеңін енді жинап жатқан кәсіпорындардың 17 проценттейі банктерге несие алуға жүгініпті. Олардың 95 процентіне қарыз берілді. Бұл қаржыға бизнес иелері материалдар, шикізат, жартылай фабрикаттар сатып алған. Ұлттық банк тарапынан жүргізілген сауалнамаға сай, кәсіпорындардың 34%-і бүгінгі экономикалық ахуал бизнес жүргізуге қолайсыз екенін айтқан. Нарықтағы бәсекелестік, сатып алушыларды іздеу, салықтық ауыртпашылық пен білікті мамандардың жетіспеушілігі де қолбайлау болып тұр. Дегенмен, экономикалық белсенділік қалпына келе бастаған. Сарапшылар екінші тоқсандағы көрсеткіштер де оң болады деп отыр.

Еліміздегі валюта бағамына тоқталатын болсақ, доллар 427 теңге 54 тиын, еуро 521 теңге 98 тиын, Ресей рублі 5 теңге 80 тиынға тең.

Сондай-ақ...