426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияда тұрғындар билік саясатына қарсы ереуілге шықты

  • 385
  • UPD: 15:41, 21.05.2021
Колумбияда тұрғындар билік саясатына қарсы ереуілге шықты HébergementWebs.com

Колумбияда биліктің саясатына қарсы ереуіл әлі басылмай тұр.

Жүздеген тұрғын ел астанасы Боготада наразылық акциясына қайта шықты. Жиналғандар шаһардың басты көшелерімен өтіп, Конгресс ғимаратының алдына қарай бет алды.

Ереуіл кезінде депутаттар денсаулық сақтау саласындағы реформаны талқылап жатқан еді. Тұрғындар биліктің жаңа заң жобасы жекеменшік компаниялардың монополиясына әкеп соғуы мүмкін дейді.

Айта кетейік, Колумбиядағы толқулар  өткен айдың соңында басталды. Оған үкіметтің салық реформасы туралы заң жобасы түрткі болды. Осыдан кейін елде жаппай шерулер жүріп, полициямен қақтығыстар басталды. Үкімет халыққа құлақ асып заң жобасын кері қайтарғанымен, наразылардың талабы өсе бастады. Толқулардың салдарынан күні бүгінге дейін 40-тан астам  адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жарақат алды.

Глория Ринкон, ереуілдеуші:

– Президентті халық таңдағанын естен шығармау керек. Біз денсаулық сақтау саласы мен зейнетақы жүйесіндегі реформаға қарсымыз. Білім беру саласына инвестиция құю керек. Балалардың болашағын ойлап, мектептерді ашу қажет.

Хабар 24 телеарнасы