427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль мен ХАМАС арасында оқ атпау режимі күшіне енуі мүмкін

  • 120
  • UPD: 15:08, 20.05.2021

Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату режимі 21 мамырда күшіне енуі мүмкін.

Бұл туралы американдық және басқа дерек көздеріне сілтеме жасаған «Уолл стрит джорнал» басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қарсы тараптар арасындағы келіссөзге Египет билігі араағайындық жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль әскері мен ХАМАС ұйымы 10 мамырдан бері бірін бірі зымыранмен атқылап жатыр. Қақтығыс Израиль билігінің Шейх-Джаррах ауданындағы бірнеше араб отбасын күштеп көшіру әрекетінен басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, қарулы қақтығыстан 227 палестиналық қаза тапқан. Құрбандардың жартысына жуығы бала-шаға. Ал Израиль тарапынан 12 адам ажал құшты.

Хабар 24 телеарнасы