425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте мейрамханаларды 100% қонақпен толтыруға рұқсат етілді

  • 91
  • UPD: 13:28, 20.05.2021
Нью-Йоркте мейрамханаларды 100% қонақпен толтыруға рұқсат етілді

Нью-Йоркте мейрамханалар мен дәмханаларға 100 процент адам қабылдауға рұқсат берілді.

Бірақ кәсіпкерлер келушілердің санитарлық талаптар мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауын қатаң қадағалауы тиіс. Үстелдердің арасы 2 метрден кем болмауы керек. Мегаполис мэрінің мәлімдеуінше, талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана қалыпты өмірге толық көшуге болады. Қазірдің өзінде АҚШ-та вакцина салдырған тұрғындар қоғамдық орындарда бетпердесіз жүре алады.

Даниел Булуд, аспаз:

− Қайтадан толық ашылып жатырмыз. Бұл тарихи сәт. Енді туристер де қаптап келе бастайды. Соңғы бірнеше апта бойы қызметкерлерімізді дайындықтан өткіздік. Мейрамхана бизнесі терең дағдарысты бастан кешірді, бірақ үмітімізді үзген жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы