Мароккода мыңдаған мигрант полициямен қақтығысты

Марокконың Фнидек қаласында жиналған мыңдаған мигрант Испанияға өтпек болып полициямен қақтығысқа түсті.

Ашуға бой алдырғандар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке жаудырған.

Айта кетейік, мигранттар үшін Еуропа аумағына кірудің ең оңай жолы Сеута анклавы болып табылады. Соңғы кездері Испания билігі  шекарадағы қауіпсіздік пен бақылауды күшейте бастаған. Мәселен, апта басынан бері Сеутаға ағылған мигранттардың санында шек жоқ. Анклав тұрғындары да орын алған жағдайға наразылық танытып, билікті жергілікті тұрғындардың жағдайын жасаудың орнына бар назарын мигранттардың мәселесіне аудара бастады деп айыптап отыр. Жуырда Испания үкіметі Сеутаға келген 8 мың заңсыз келімсектің тең жартысын еліне депортациялағанымен, Мароккодан кәрі құрлыққа табан тіремек болғандардың қатары толастамай тұр.