Париждегі музейге Джо Байденнің балауыз мүсіні қойылды

Париждегі «Гревен» балауыз мүсіндер музейінде АҚШ-тың 46-президенті Джо Байденнің мүсіні пайда болды.

Ақ үй басшысының мүсіні Франция президентінің Елисей сарайындағы кабинеті ретінде жасақталған залға қойылған. Сөйтіп, 2 елдің мемлекет басшылары шынайы өмірде әлі кездеспесе де аталған жерде өнер әлемінде бас қосты.

Ал осы жерде тұрған Дональд Трамптың бейнесі алынып тасталды. Музей басшылары «АҚШ-тың экс-президентіне артық орын жоқ» деп түсіндірген. Францияда қазір коронавирус шектеулері біртіндеп алынып жатыр. Осыған орай музейлер, мейрамхана, дәмханалар, шарапханалар мен дүкендер ашылды.

Вероник Берец, Гервен музейінің баспасөз хатшысы:

- Макрон мырза Байден мырзаны әлі көрмеген сияқты, міне, олар біздің музейде ашық-жарқын кездесу өткізіп жатыр. Бәрі дұрыс, ешқандай тартыс жоқ.

Сондай-ақ...