Лувр музейі қайта ашылды

Коронавирустық шектеулерге байланысты 6 айға жуық жабық тұрған Лувр музейі қайта ашылды.

Мұражай әкімшілігі коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін келушілердің әрбірін 8 шаршы метр кеңістікпен қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы Франция шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетіп жатыр. Осыған байланысты музейлер, театрлар мен кинотеатрлар жұмысы қайта жанданды. Ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындары  да біртіндеп ашылып жатыр.

- Жақсы жаңалық. Коронавирус індетінің беті қайтып, біртіндеп бұрынғы қалыпқа оралып жатырмыз. Қуаныштымын.

- Адам көп болмайтын шығар деп, мұнда таңғы 9-да келіп ем. Сөйтсем қалың жұрт жиналып қалыпты.