Францияда карантин жеңілдетілді

19 мамырда Францияда кафе мен мейрамханалардың жазғы алаңдары, дүкендер мен мұражайлар ашылды. Кинотеатрлар мен театрлар да шектеулі мөлшерде көрермендерді жинай алады.

Стадиондар, концерт залдары мен дискотекалар әлі күнге дейін жабық. Барлық нысан тек сағат кешкі тоғызға дейін жұмыс істейді. Осыдан кейін коменданттық сағат күшіне енеді. Үкімет екі аптадан кейін тағы да бірқатар шектеулерді алып тастауды көздеп отыр. Қазір елде күн сайын коронавирусты жұқтырудың 17-18 мың дерегі тіркеліп жүр. Франция халқының шамаман үштен бір бөлігі вакцинаның бір екпесін салдырған. Алғашқылардың бірі болып шектеулердің жеңілдетілуін Франция президенті Эммануэль Макрон мен ел премьер-министрі Жан Кастекс атап өтті. Президент шектеулердің жеңілдетілгеніне қарамастан ел тұрғындарын сақ болуға шақырды.

Эмери, Нанси қаласының тұрғыны:

- Бұл шын мәнісінде жандану. Ақырында сүйікті дәмханамызда қайтадан бос қосып, кездесе алатын болдық. Керемет!

Адриен, Нанси қаласының тұрғыны:

- Соңғы бес-алты айдан бері алғаш рет жиналып отырмыз. Күннің бұлттанып, жаңбырға қарамастан кездестік. Қуанышымыз шексіз. Терассада кофе ішіп, круассан жейміз. Қайтадан еркін тыныс алдық. Қала жанданды. Бұл тамаша!