Тайваньда тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау күшейтілді

Кеше елге AstraZeneca вакцинасының 400 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол халықаралық «Ковакс» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жалпы Тайваньда соңғы уақытта эпидемиологиялық ахуал нашарлай түскен. Соңғы бір тәулікте вирусты 300 адам жұқтырып алған. Індеттің күшеюіне байланысты кеше жергілікті билік елге шетелдіктердің кіруіне уақытша тыйым салды.

Цай, медбике:

– Бұған дейін коронавирусқа қарсы екпе салдыруға аса құлқым болмап еді. Себебі вакцинаның кері жанама әсерлерінен қорыққанмын. Енді дертке шалдыққандардың көбейгенін көріп, пікірімді өзгерттім.